Чехия компаниясының басшысы атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарларын айтты
CEZ Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың вице-төрағасы Богдан Зронек (Чехия) декарбонизация және энергия қауіпсіздігі туралы сұхбат беріп, атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Фото: Ашық дереккөзден Зронек Чехияның ұлттық энергетикалық саясатының Еуропалық Одақтың мақсаттарына сәйкестігін және климаттық мақсаттарға жету үшін көмір өндіруді азайтудың маңызын атап өтті. Ол Дукована мен Темелин алаңдарында жаңа атом блоктарын салу жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ атом станцияларын салу мен пайдалануда қазақстандық өнеркәсіпті пайдалану әлеуетін қарастырып отыр. Зронек атом энергетикасын қоғамдық қолдаудың маңызын және жаңа атом объектілері үшін орынды мұқият таңдау қажетін атап өтті. Сонымен қатар жобалардың экономикалық және техникалық аспектілері, соның ішінде өнеркәсіп пен бизнестің ұзақ…