Ағымдығы жылғы 6 айда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ден қою шаралары негізінде 62 азаматқа жер учаскелері ұсынылды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті елді мекендерде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Сонымен қатар, аталған саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына, қызмет берушілердің негізсіз бас тартуларына қатысты шағымдар саны да жиі түседі. Осылайша, ағымдағы жартыжылдықта Департаменттің ден қою шаралары нәтижесінде 62 азаматқа әр түрлі мақсаттар үшін жер учаскелері ұсынылды. Мысалы, кәсіпкер Көкшетау қаласының әкімдігіне қосымша ауданы 0,04 гектар жер телімін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініште нысаналы мақсаты…