Батыстағы ағайынға көмек көрсетілді❤️
Бүгін @dauletten_qory мен @gbg.kz қарғын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті. Қор өкілдері өңірдің қажеттілігіне сәйкес тұрмыстық-химиялық тауарлар мен су басқан аймақтарда қолданылатын 10 резеңке қайық, 45 құтқару кеудешесі мен 60 жартылай резеңкелі комбинезонды бас гуманитарлық штабқа табыстады. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстанның орталығы Орал қаласы мен бірнеше аудандарында төтенше жағдай жарияланған. Сағат сайын Орал өзеніндегі су деңгейі анықталып, суды бөгеу жұмыстары қарқынды ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Орал қаласындағы қордың жанашырлары мен «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы мен «ҚазТрансГазАймақ» БҚО өндірістік филиалының белсенділері қор өкілдеріне ерекше қолдау көрсетті.