Вакцинациядан бас тартқандарға қандай қауіп төнуі мүмкін?
Қызылшаға қарсы вакцинация вирустан қорғай отырып, тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл жеке қорғаныс қана емес, сонымен қатар аурудың қоғамда таралуын болдырмауға ықпал етеді. Әдетте қызылшаға қарсы вакцинация бүлдіршіндерге қойылады, бірақ ересектерге де иммунитетті күшейту қажет болуы әбден мүмкін. Вакцинация балаларға арналған белгілі бір кесте бойынша егіледі, ал ересектер бұрын алмаған немесе вируспен байланысу қаупі бар болса, вакцина алуға мүмкіндігі бар. «Қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы егу әдетте екі рет жасалады - баланың12 айында және 6 жаста. Қазіргі эпидахуалға байланысты қосымша иммундау жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылғы 6 қарашадан сәуірге дейін ҚКП қосымша егуді 6 айдан 11 айға дейінгі 350…