МОБИЛДІ АУДАРЫМДАР ТУРАЛЫ ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Жарияланған күні: 05.01.2024 15:45 Өзгертілген күні: 05.01.2024 15:48 1. МОБИЛДІ АУДАРЫМДАРДЫ ТЕКСЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аудармаларды тексермейді. Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі. 2. ТУЫСТАР МЕН ДОСТАРҒА АҚША АУДАРУҒА БОЛА МА? Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары…