Оқушылар рухани жағынан дамуы қажет – Президент қос министрлікке тапсырма жүктеді
ҚазАқпарат –о Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылардың рухани дамуына толық жағдай жасалуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сонымен бірге балаларға экологиялық тәрбие беру маңызды. Оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйреткен жөн. Мәдени мұраларымызды танып-білуге, қорғауға дағдыландыру керек. Оқушылар театрға, мұражайға және тарихи орындарға жиі барып, рухани жағынан дамуы қажет. Мұндай шаруа бүкіл еліміз бойынша тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Оқу-ағарту министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі осы мәселемен бірлесіп шұғылдануы керек», - деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, бизнес жүргізу шеберлігіне баулу мәселесі назардан тыс қалмау керектігін атап өтті. «Мен ұрпақты еңбекқорлыққа, бизнес…