МӘМС: 2023 жылы кім қанша жарна төлейді?
МӘМС: 2023 жылы кім қанша жарна төлейді? 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Биыл кім қанша жарна төлейді? Жарна көлемінің өзгеруіне не түрткі болды? «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері белгіленген болатын. Ол бойынша биыл: • Ең төменгі жалақы – 70 000 теңге; • Айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңгені құрап отыр. Мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдік санаты. Оған балалар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті…