15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясының 25 отырысы өтті, олар аумақтық сайлау комиссияларының, уәкілетті мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн өткізіліп келеді. Тікелей интернет-трансляциялар жүргізіледі. Барлық отырыстарға халықаралық байқаушылар шақырылады. Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасир Абузейд аккредиттеуге бірінші болып құжат тапсырды. Сонымен қатар, Мажарстан, Германия, Индонезия, Канада, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония сияқты елдердің елшілері, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей…