ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқауға 330 байқаушы жібереді
АСТАНА. ҚазАқпарат –ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегация жібереді. ҚазАқпарат бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті. Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясына Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Ортсайлауком төрағасы миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен, президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР президенттігіне…