Шетелде жүрген 7 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс беріп үлгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 10 учаске жұмысын аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елдегі ең маңызды саяси шаралардың бірі – кезектен тыс президент сайлауы аяқталуға жақын. Еліміз әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес сайлау өткізуге мүдделі. Жалпы, Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға көптеген шетелдік байқаушылардың қызығушылық танытып, белсенді қатысып жатқанын атап өткім келеді. 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады», - деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте. Министр орынбасарының дерегінше, сайлауға 264…