День: 24.11.2022

Ақмола облысында «Қыс 2022» республикалық  командалық-штабтық  оқу-жаттығу өтуде

Ақмола облысында «Қыс 2022» республикалық  командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде

  2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Ақмола облысында "Қыс 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жаттығуы аясында тактикалық арнайы оқу-жаттығулар басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды. Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары,…
Подробнее