«Ақ жол» неге Тоқаевты қолдады?
Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінен «Ақ жол» партиясының көзқарасына жақын, - деді Азат Перуашев партияның ХІХ құрылтайынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. Партия төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда сыртқы саясатта түрлі сын-қатерлер жетерлік. Одан елімізді сақтау аса маңызды мәселе болып отыр. Меніңше, сыртқы саясаттағы ең…