Құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оны "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған. Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықты, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты. Ол - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол "Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі болды. 8 қазанда Қарақат Әбден президенттікке ұсыну үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден…