Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Ортсайлауком отырысы өтті
2022 жылғы 12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі 2022 жылғы 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына ұсыну кезеңінің қорытындылары бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаттары тапсырылды. Қажыкен Мейрам Зекешұлы «Аманат» Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы» ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 4 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 8 қазанында ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау…