Президент сайлауы неліктен күзге белгіленді – Ерлан Қошановтың жауабы
Белгілі қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз бұл сайлауды саяси реформалардың заңды жалғасы деп есептеуіміз керек. Саяси реформаларды қабылдағаннан кейін, біздің институттар да жаңаруы керек. Оны қоғам да талап етіп отыр. Өзіңіз білетіндей, әлеуметтік желілерде журналистер мен қоғам тарапынан «Мәжіліс сайлауы қашан болады?», «Президент сайлауы бола ма?» деген сұрақтар көбейді. Бұл – заңды сұрақтар. Сондықтан Президент барлық электоралды кестені, алда болатын сайлау науқандарының кестесін алдын-ала жариялады. Яғни, биыл Президент сайлауы, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады, одан кейін…