Президент сайлауы: Қарақат Әбден кандидат ретінде ресми тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. «Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды»,- деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов. Сондай-ақ, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны…