Жигули Дайрабаев: «Дайындыққа уақыт аз болды» деу – жалқаудың тірлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы кезектен тыс президент сайлауында кімді қолдайтынын Қазақстан сайлаушылары шешеді. Мұндай пікірді 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат болып тіркелдім. Қазір куәлігін Әбдіров мырза тапсырды. Ең алдымен ОСК мүшелеріне, екіншіден санаулы күннің ішінде сайлаушылардың 1 пайыздан астам қолын жинап берген «Ауыл» партиясы мен Қазақстан фермерлері қауымдастығының мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Президент сайлауына кандидат ретінде қатысу үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстанның патриоты ретінде оны өте жақсы сезінемін, жауапкершілікті түсінемін. Осы сайлауда кандидат ретінде алға қойған жоспарларым бар. Оның бәрін заңға сәйкес 21…