Президент сайлауы: Мәслихат депутаттарының бірлестігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестік ҚР Президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігінің отырысы өтті. Аталған жиынға еліміздің барлық өңірінен мәслихат депутаттары мен өкілдері қатысты. Бірлестік мүшелері 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. «Қараша айында еліміз үшін маңызды науқан, Президент сайлауы өтеді. Қазір кандидаттарды ұсыну, тіркеу процесі жүріп жатыр. Қазақстанның алдағы 7 жыл ішінде дамуы сол сайлаудан кейін айқындалады. Біздің бірлестік ақылдаса келе, бірауыздан 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты…