Бағдарлама бірнеше жобадан тұрады
Тұрғындардың табысын ұлғайту, кірісін көбейту бағытындағы мемлекеттік бағдарлама көптеген ақмолалық жастың өзі қалаған ісін тауып, тәжірибесін толықтыруына көмегін тигізуді. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылды. «Алғашқы жұмыс орыны», «Мектеп бітірушілерге жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімі» сияқты жобалар өмірге белсенді енгізілуде. Қазірдің өзінде 38 жас өзінің алғашқы жұмыс орнына орналасты. Бұл мектеп бітіріп, алғаш жұмыс іздеуші түлектерге, сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға арналған жоба. Бұл жобаға қатысу үшін диплом болуы міндетті емес екендігі маңызды және қолайлы. Бұрын жоба бір жылға 20 айлық есептік көрсеткіші көлемінде немесе 60 мыңнан астам ғана теңге…