Референдумға баратын адам нені білу керек
ҚазАқпарат ҚР Орталық референдум комиссиясынан алынған мәліметтер негізінде референдумда дауыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген нұсқаулық ұсынады. Сонымен, 5 маусым күні референдумда дауыс беруге ниеттендіңіз дейік... І. Сіздің негізгі құқықтарыңыз мен міндеттеріңіз мынадай: «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңының 5-бабы бойынша референдумға қатысу құқығына 18 жасқа толған республика азаматтары ие. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жазаланады. Азаматтар референдумға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы…