Конституциялық реформаның ең басты мақсаты мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігімізді нығайту — Әшімбаев
Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның әр қазақстандыққа тікелей қатысы бар. Соның ішінде жастар үшін бүгінгі өзгерістердің маңызы зор. Себебі Жаңа Қазақстанның иесі де, оның қозғаушы күші де қазіргі жас буын екені анық. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сондықтан бір топ сенатормен бірге Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, қолға алынған саяси бастамаларды жан-жақты талқыладық. Өзгерістер, ең алдымен, адам құқығын қорғауды, әділеттілік қағидаты мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді және баршаға бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейді. Парламенттің рөлі мен халық алдындағы жауапкершілігін күшейту…