Ерлан Қарин Конституцияға енгізілетін өзгерістерді беске бөліп түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанды ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр және бұл Конституциялық реформасыз мүмкін болмайды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, Ата заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі Парламентте емес, республикалық референдумда шешілетін болады. Конституциялық реформа дегеніміз – Президенттің 2019 жылдан бергі бүкіл саяси реформаларының қисынды жалғасы. Бұл реформалар бойынша…