Диалог алаңында – көшбасшы жастар
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде референдумның мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды. Дені жастар қатысқан іс-шараға облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары белсенді қатысты. Сондай-ақ пікірталас алаңына келген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Amanat партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов, «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев және «Есірткісіз болашақ» КҚ атқарушы директоры Жандос Ақтаев жастарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға белсенді атсалысуға шақырды. Іс-шараның модераторы,…