Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 52-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздың Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттеріне арналған ІҮ бөлімінде барлық бап өзгертуге ұсынылды деуге болады. Бүгінгі түсіндірме жасайтын бап – 52-бап. Бұл бапта депутаттардың депуттатық мандаты қандай жағдайда тоқтатылатыны ашып көрсетілген. Мысалы қазіргі кездегі қолданыстағы Конституцияның 52-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде «депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан кезде немесе шығарылған жағдайда; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылатыны» атап көрсетілген болатын. Енді Конституциялық реформа бойынша референдум өткен соң ол жағдай басқаша болады. Яғни, жаңа жобада көрсетілгендей, бұдан былай сайлаушылардың өзі депутатты депутаттық мандаттан айыра алады. Бұл бұған дейін…