Кокшетауда «Zhastarmen» жобасы жүзеге асырылуда: жастар қауіпсіздігі мен заңға бағыну мәдениетіне басымдық

Кокшетау қаласының прокуратурасы «Zhastarmen» жобасын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жоба кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған.

Жоба аясында Полиция басқармасымен бірлесіп, жастар көп жиналатын орындарда, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың, соның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға аударылады.

Жүргізілген рейдтер барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болуының деректері анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қала прокуратурасының мәліметінше, мұндай іс-шаралар жазалау емес, ең алдымен алдын алу сипатында өтеді.

«Біздің басты мақсатымыз — құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Тәуекел тобындағы жасөспірімдерді дер кезінде байқап, дұрыс бағытқа бағыттау маңызды. Заң мен тәртіп әр азаматтың, әсіресе жастардың саналы әрекетінен басталады», — деп атап өтті Кокшетау қаласы прокуратурасының өкілі Қабиратова Жибек.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуде. Рейдтер барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері профилактикалық әңгімелер өткізіп, заң талаптары мен құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

«Zhastarmen» жобасын іске асыру балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыруға бағытталған.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

By admin

Читайте также