Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – барша азаматтарды ортақ мақтаныш пен биік мақсаттарға жетелейтін ерекше мереке. Тәуелсіздік жылдары еліміз халықаралық аренада өз беделін нығайтып, ауқымды реформаларды жүзеге асырып, тұрақты экономиканы қалыптастырды, көпэтносты халықтың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етті. Бұл күн ұлттық бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының маңызын еске салып, Қазақстанның болашағы өз қолымызда екенін ұғындырады. Осы мереке әрбір азаматты жаңа серпілістерге, жасампаздық пен істерге шабыттандырсын.

Аяпбергенов Айбек Жақсылықұлы

By admin

Читайте также