Қазақ жерінің қонақжай дәстүрі ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл — тек мейманды күту емес, өзге этностарға деген құрмет пен сыйластықтың шынайы көрінісі. Қазақстанға келген әрбір ұлт өкіліне туғандай жағдай жасалып, қоғамға бейімделуіне барлық мүмкіндік беріледі. Ел ішінде түрлі этностардың мәдени орталықтары жұмыс істеп, тілі мен салт-дәстүрін дамытуға қолдау көрсетілуі — қонақжайлылықтың заманауи үлгісі. Мұндай ашықтық пен кеңдік Қазақстанды әлемде татулық пен келісім елі ретінде танытып отыр.
Токмурзина Гүлбаршын Көбейқызы
