Қазақстанның қонақжайлылығы – еліміздегі барлық этностарды ортақ шаңырақ астында біріктіретін ерекше құндылықтардың бірі. Бабалардан мирас болған дархандықтың арқасында Қазақстанға келген әрбір адам өзін үйіндегідей еркін сезінеді. Қиын-қыстау кезеңдерде сан түрлі халықты құшағына сыйғызған қазақ жері бүгінде мәдениеттер мен дәстүрлердің үндестігіне айналды. Қазақ халқының «келгенше – қонақ, келген соң – төр» деген қарапайым қағидасы меймандостықтың шынайы көрінісі екенін дәлелдейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда әр этнос өзінің мәдениетін еркін дамытып, ортақ даму ісіне үлесін қосып келеді. Мұның барлығы біздің елдің кеңпейіл, бауырмал болмысын айқындайды.

Нурмағамбетов Нұрлыбек Қабденұлы

By admin

Читайте также