‼️ Sora 2 нейрожелісінің қарапайым мәтіндік сұраныс негізінде шынайы бейнесахналар жасай алатын жаңартылған нұсқасы шыққаннан кейін, қазақстандық интернет сегментінде заңға қарсы контенттің көлемі бірнеше есе артты. Аноним интернет пайдаланушылар белгілі саяси тұлғалардың, мәдениет және мемлекеттік қызметкерлердің жалған бейнесі бар бейнероликтерін жаппай жариялауда. Бұл видеоларда аталған адамдарға іс жүзінде болмаған сөздер мен әрекеттерді тіркеп көрсетеді.
Sora нейрожелісінің су таңбасы бар болғанына қарамастан, көптеген интернет пайдаланушылар бұл видеоларды шынайы деп қабылдап, оларды әрі қарай таратуда. Осы арқылы олар жалған ақпараттың таралуына себепші болып отыр. Мұндай әрекеттерде, адамның жаман ниеті болмаса да, құқықтық салдары болуы мүмкін.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы еске салады: құқыққа қайшы контент үшін жауапкершілік тек оны жасаушыларға ғана емес, сондай-ақ таратушыларға да жүктеледі. Жалған ақпаратты, қорлау немесе жала жабу сипатындағы видеоларды таратудың өзі заң бұзушылыққа қатысы бар әрекет ретінде қарастырылуы мүмкін.
Атап айтқанда, мұндай материалдарды жасау және тарату барысында келесі заң нормалары бұзылуы мүмкін:
• Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заң — адамның келісімінсіз оның бейнесін пайдалану.
• Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі — жала жабу, көрінеу жалған ақпарат тарату, әлеуметтік, ұлттық немесе өзге де араздықты қоздыру, жеке өмірге қолсұғылмаушылық, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу баптары.
• Азаматтық кодекс — азаматтардың абыройы мен қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғайтын нормалар.
Мұндай материалдарды жасау және тарату тек цифрлық ойын-сауықтың элементі ғана емес, сонымен қатар заңды бұзу ықтималдығын тудыратын әрекет болып табылады. Ол үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.
Интернет пайдаланушыларды нейрожелілер мен контент жасауда жауапкершілік танытуға шақырамыз. Назар аударыңыздар және сыншыл болыңыздар: күшті эмоция тудыратын видеоларға оңай сенбей, ақпараттың шынайылығын тексеріңіздер. Дипфейк технологиясымен жасалатын манипуляцияларға түсіп қалмаңыздар!
‼️ После выхода обновлённой версии нейросети Sora 2, способной создавать реалистичные видеосцены по простому текстовому запросу, в казахстанском сегменте Интернета многократно увеличилось количество противоправного контента. Анонимные пользователи массово публикуют видеоролики с поддельным изображением известных политиков, деятелей культуры и госслужащих, где им приписываются слова и действия, которых не было.
Несмотря на наличие водяного знака нейросети Sora на подобных видео, многие пользователи воспринимают их как реальные и продолжают пересылать, тем самым участвуя в распространении ложной информации. Такие действия, даже при отсутствии злого умысла, могут иметь юридические последствия.
Центр по борьбе с дезинформацией напоминает: ответственность несут не только создатели, но и распространители противоправного контента. Пересылка дипфейков, оскорбительных или клеветнических видео, может квалифицироваться как соучастие в нарушении закона.
В частности, при создании и распространении подобных материалов могут нарушаться:
• Закон «О персональных данных и их защите» — использование изображения человека без его согласия;
• Уголовный кодекс Республики Казахстан — статьи о клевете, распространении заведомо ложной информации, разжигании социальной, национальной или иной розни, вмешательстве в частную жизнь, нарушении авторских и смежных прав;
• Гражданский кодекс — нормы, защищающие честь, достоинство и деловую репутацию граждан.
Создание и пересылка подобных материалов — это не просто элемент цифрового развлечения, а потенциальное нарушение закона, за которое может наступить административная или уголовная ответственность.
Призываем пользователей ответственно подходить к использованию нейросетей и созданию контента. Будьте внимательны и критичны: не доверяйте роликам, вызывающим сильные эмоции, проверяйте источники и не становитесь частью манипуляций с использованием технологий дипфейков.
