Ақмола облысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент түлеп ұшты
Ақмола облысында мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2014 жылдан бері бұл бағдарламаға қатысып келеді. Бұл туралы университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ардақ Қапышев мәлімдеді.
Бағдарламаның басты мақсаты — оңтүстік өңірлердің жастарын қолдау және солтүстік, орталық пен шығыс облыстардағы кадр тапшылығын шешу. Бағдарлама іске қосылғалы бері аталған университетте 2 мыңнан астам студент жоғары білім алып, түлеп шыққан. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген студенттер білім алуда.
– Біз жыл сайын оңтүстік өңірлерге барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіземіз және түлектерді біздің университетке оқуға шақырамыз. Соның нәтижесінде оқу орнымыз «Серпін» бағдарламасы бойынша қабылданған студенттер саны жағынан тұрақты түрде 1–2 орын алады, – деді Ардақ Қайыржанов.
Студенттер мемлекеттік грант негізінде тегін білім алып, шәкіртақы алады. Сонымен қатар олар жатақханамен қамтылған және үйіне тегін жолақымен бара алады. «Серпін» бағдарламасының студенттері түрлі ұйымдар мен іс-шараларға белсенді қатысып, олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүр.
Бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бастап серпіндіктер елдің сегіз облысында еңбек жолын жалғастыра алады. Статистикаға сүйенсек, түлектердің шамамен 15 пайызы Ақмола облысында қалып, отбасын құрып, өмірін осында жалғастыруда.
Сондай-ақ университет базасында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев басқаратын «Серпін» өңірлік жобалық офисі құрылған. Оның негізгі міндеті – студенттерді қолдау және әлеуметтік мәселелерді жедел шешу.
– Жобалық офис құру бағдарламаның дамуына серпін берді. Енді бейімделу, жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тікелей қатысуымен жедел шешілуде, – деді проректор.
Мұндай жүйелі қолдау студенттердің болашаққа сеніммен қарауына және өңір тарапынан нақты қолдауды сезінуіне мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінде «Серпін» бағдарламасының көптеген түлектері Ақмола облысының мектептерінде және түрлі мекемелерінде қызмет атқарып, білім беру мен ауылдық аумақтарды дамыту ісіне өз үлестерін қосуда. Олардың үлгісі жаңа студенттерді осында қалып, еңбек жолын осы өңірде бастауға ынталандырады.
Акмолинская область: Более 2 тысяч студентов выпустились по программе «Серпін»
В Акмолинской области растет число студентов, поступающих по государственной программе «Серпін». Университет имени Шокана Уалиханова участвует в ней с 2014 года и сегодня занимает одно из лидирующих мест в стране по количеству обучающихся. Об этом корреспонденту Региональной службы коммуникаций сообщил проректор по социально-культурному развитию Ардак Кайыржанов
Программа «Серпін» направлена на поддержку молодежи из южных регионов и решение кадрового дефицита в северных, центральных и восточных областях. С момента запуска в университете уже выпустились более 2 тысяч студентов. Сегодня по программе обучаются студенты из пяти областей — Алматинской, Жетісу, Кызылординской, Туркестанской и Жамбылской.
«Мы ежегодно выезжаем в южные регионы, проводим профориентационную работу и приглашаем выпускников поступать к нам. Благодаря этому университет стабильно занимает 1–2 место по количеству поступающих по программе «Серпін»», — отметил Ардак Кайыржанов.
Студенты обучаются на грантах, получают стипендию, обеспечены общежитиями и бесплатным проездом домой. Серпиновцы активно участвуют в студенческих организациях, становятся победителями олимпиад.
Особое внимание уделяется трудоустройству выпускников. С 2023 года они могут отрабатывать в восьми областях страны. По статистике в Акмолинской области остаются около 15% серпиновцев — многие создают семьи и продолжают жить здесь.
Также на базе университета создан Региональный проектный офис программы «Серпін» под руководством заместителя акима области Досұлана Айтбаева. Его цель — поддержка студентов и решение социальных вопросов.
«Создание проектного офиса стало важным шагом в развитии программы. Теперь вопросы адаптации, трудоустройства и обеспечения жильем решаются быстрее и при непосредственном участии местных исполнительных органов» — добавил проректор.
Это позволяет студентам увереннее смотреть в будущее и чувствовать реальную поддержку со стороны региона.
Многие выпускники программы уже работают в школах и учреждениях Акмолинской области, внося вклад в развитие образования и сельских территорий. Их пример вдохновляет новых студентов оставаться и строить карьеру именно здесь.
