Ақмола облысы ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізуді алғашқылардың бірі болып бастады

Ақмола облысы биыл да елдің басты астықты аймағы ретіндегі мәртебесін растауда. Өңірде аграрлық саланы жаңғырту және шаруаларды қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Енді облыс агроөнеркәсіптік кешенге жасанды интеллект енгізу арқылы жаңа кезеңге қадам басты. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономиканың барлық салаларында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді пайдалану жөнінде тапсырма берген болатын.

Жуырдағы Ақмола облысына сапары барысында Президентке ауыл шаруашылығына ЖИ енгізу жобасы таныстырылып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға оң баға берді.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, аграрлық саланы цифрландыру еңбек өнімділігін және бизнестің тиімділігін арттыруға нақты мүмкіндік береді.
«Біз агроөнеркәсіптік кешенді толық цифрландыруды көздеп отырмыз. Барлық негізгі міндеттерді “бір терезе” қағидаты бойынша, яғни бір ғана қадам арқылы шешуге болады. Жасанды интеллект техниканың тозу деңгейін анықтап, шынымен лизингке мұқтаж шаруашылықтарды әділ айқындауға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы қолдаған кәсіпорындарға барлық жағдай жасалатын болады. ЖИ – бұл бақылау құралы емес, ол – аграрийлердің еңбегін жеңілдететін және тиімділікті арттыратын көмекші», – деді Марат Ахметжанов.
Бүгінде Ақмола облысында ірі цифрлық шешімдер енгізілген: 49 «ақылды» ферма жұмыс істейді – оның 28-і егіншілік, 21-і мал шаруашылығы бағытында. Өңірдің 3 миллион гектардан астам жері, яғни барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жартысынан көбі цифрландырылған. Келесі кезең – ЖИ енгізу.

Облыс әкімінің цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Ерғали Мәбиевтің мәліметінше, бірқатар кәсіпорындар жасанды интеллектіні енгізуге дайын.
«Пилоттық жобаға қатысушылар өз алқаптары туралы жиналған деректерді – олардың паспорттары мен шекараларын, соңғы үш жылдағы агрохимиялық талдауларды, далалық жұмыстар журналдарын және техникадан алынған телематикалық мәліметтерді ұсынуы тиіс. Бұл деректер ЖИ модельдерін оқытуға мүмкіндік береді. Жүйе өнімділікті болжай алады, тыңайтқыштарды енгізуді оңтайландырады және спутниктік суреттер арқылы алқаптағы ауру ошақтарын анықтайды. Қазіргі таңда өнімділік болжамының дәлдігі 90%-ға жетіп, тыңайтқышқа кететін шығын 20–25%-ға азайды», – деді ол.

Пилотқа қатысушы әр шаруашылық интерактивті карталары бар жеке ЖИ-платформа, әр алқап бойынша аналитика және агрономдарға арналған мобильді қосымша алады. Оларға оқыту, техникалық қолдау және үздік цифрлық тәжірибелерге қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Пилот аяқталған соң кәсіпорындар өз деректеріне құқықты сақтап қалады, шаруашылықтарға сертификаттар беріліп, тегін қызмет көрсетіледі.
Пилоттық жобаға өңірдің 5–20 мың гектар аумағы бар, көпжылдық деректерге ие төрт ірі шаруашылығы кірді. Солардың бірі – «Дихан Плюс» ЖШС. Кәсіпорын басшысы Денис Швайбович алғашқы нәтижелерімен бөлісті:
«Біз бұрын өзіміз талдаған деректерді бердік. Жасанды интеллект біздің қорытындыларды растаумен қатар, нақты қателерді де көрсетті – мысалы, себу мерзімін немесе дақылдарды ауыспалы егіс бойынша алмастыруды сақтамау. Сол сәтте жүйенің тиімді екені айқын болды. Мұндай ұсынымдар өнімділікті 5%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Қазір жас агрономдар жетіспейді, ал ЖИ технологиялары нақты көмек бола алады. Болашақта тіпті IT-маман да жүйенің ұсынымдарына сүйене отырып, өндірісті басқара алады», – деді ол.

Акмолинская область первой внедряет искусственный интеллект в сельское хозяйство

Акмолинская область из года в год подтверждает статус одной из главных житниц страны. В регионе проводится масштабная работа по модернизации аграрного сектора и поддержке фермеров. Теперь область выходит на новый этап – внедрение искусственного интеллекта в агропромышленный комплекс. Об этом шла речь на совещании под председательством акима области Марата Ахметжанова.

В Послании народу Казахстана Глава государства поручил активно использовать цифровые технологии и потенциал искусственного интеллекта во всех секторах экономики.

Во время недавнего визита в Акмолинскую область Президенту был представлен проект по внедрению ИИ в сельское хозяйство. Касым-Жомарт Токаев положительно оценил инициативу и поддержал регион в ее реализации.

По словам акима области Марата Ахметжанова, цифровизация аграрной сферы открывает реальные возможности для повышения производительности труда и рентабельности бизнеса.
«Мы хотим полностью оцифровать агропромышленный комплекс, чтобы он работал по принципу «одного окна» – когда большинство задач можно решить в один клик. Искусственный интеллект позволит определять износ техники, объективно выявлять тех, кто действительно нуждается в лизинге. Для предприятий, поддерживающих эту инициативу, будут созданы все условия. Искусственный интеллект – это не инструмент контроля, а помощник, который делает работу аграриев эффективнее», – подчеркнул Ахметжанов.

Сегодня в Акмолинской области уже внедрены крупные цифровые решения: действуют 49 «умных» ферм – 28 в растениеводстве и 21 в животноводстве. Более трех миллионов гектаров, то есть свыше половины всех сельхозугодий региона, уже оцифрованы. Следующий шаг – внедрение ИИ.
Как сообщил советник акима по вопросам цифровизации Ергали Мабиев, ряд предприятий уже готов к внедрению ИИ.
«От участников пилота требуется предоставить накопленные данные о полях – их паспорта и границы, агрохимические анализы за последние три года, журналы полевых работ и телематические данные с техники. Эти сведения позволят обучить модели искусственного интеллекта, которые смогут прогнозировать урожайность, оптимизировать внесение удобрений и выявлять стресс растений по спутниковым снимкам. Уже сейчас точность прогнозов урожайности достигает 90%, а затраты на удобрения снижаются на 20–25%», – пояснил он.

Каждое хозяйство, участвующее в пилоте, получит персональную ИИ-платформу с интерактивными картами, аналитикой по каждому полю и мобильным приложением для агронома. Участникам предоставляется обучение, техническая поддержка и доступ к лучшим цифровым практикам. После завершения пилота предприятия сохраняют права на свои данные, получают сертификаты и бесплатное обслуживание.

В пилотный проект вошли четыре крупных хозяйства региона с площадями от 5 до 20 тысяч гектаров, обладающие многолетними накопленными данными. Одним из них стало ТОО «Дихан Плюс». Руководитель предприятия Денис Швайбович поделился первыми результатами:
«Мы передали данные, которые уже анализировали, и когда искусственный интеллект подтвердил наши выводы и указал на конкретные ошибки – например, несоблюдение сроков сева или ротации культур. И сразу стало ясно, что система действительно эффективна. Такие рекомендации позволяют повысить урожайность до 5%. Сегодня не хватает молодых агрономов, и технологии ИИ могут стать реальной поддержкой. Возможно, в будущем даже айтишник сможет управлять процессами на основе рекомендаций системы», – отметил он.

By admin

Читайте также