Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс»

«Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында мен Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін растадым. Біз серіктестеріміздің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдаймыз.

Мен биыл халыққа Жолдауымды цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне арнадым. Біз алдымызға нақты мақсат қойдық: Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық ел болуы керек. Бұл – өте ауқымды міндет. Сондықтан біз қазір еліміздің біртұтас цифрлық экожүйесін құру ісімен белсенді түрде айналысып жатырмыз».

Президент: «Искусственный интеллект должен использоваться исключительно в мирных целях»

«Более тридцати лет назад Казахстан добровольно отказался от ядерного оружия, сделав исторический выбор в пользу мира и безопасности. Сегодня наша страна столь же твердо заявляет, что искусственный интеллект должен использоваться исключительно в мирных целях. Считаем недопустимым его применение в военной сфере, кибератаках, иных проектах, угрожающих международной стабильности.

На недавней сессии Генеральной Ассамблеи ООН я подтвердил готовность Казахстана участвовать в работе Глобального диалога по управлению искусственным интеллектом под эгидой ООН. Мы приветствуем инициативы партнеров, включая предложение Китая о создании Глобальной организации по сотрудничеству в области ИИ.

В этом году я посвятил свое Послание народу Казахстана вопросам цифровизации и искусственного интеллекта. Мы поставили перед собой четкую цель: Казахстан должен стать по-настоящему цифровой страной в течение трех лет. Это очень амбициозная задача. Поэтому мы сейчас активно работаем над созданием целостной цифровой экосистемы страны».

By admin

Читайте также