Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық жүзгіштер 50 метр баттерфляй қашықтығында 4 медаль жеңіп алды. Команда үшін басты жетістік – Әділбек Мусиннің «алтын» медалі.
Әділбек Мусин – 23.74 секунд
София Әубәкірова – 26.80 секунд
Максим Сказобцов – 23.90 секунд
Софья Сподаренко – 26.94 секунд
Сонымен қатар біздің спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетаға қатысып (Әділбек Мусин, Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренко) қола медаль еншіледі.
Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық споршылар бір алтын, төрт күміс және екі қола иеленді.
