*Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық етеді*
2025 жылғы 30 қыркүйекте Бурабай кентінде (Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің (ТМД СОБ КК) VI отырысы өтті.
Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының өкілдері, ТМД ПА-ға қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық институтының өкілдері, ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобының және ҚР ОСК жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық ету Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына өткенін атап өткен жөн.
Іс-шаралар бағдарламасы сайлау саласында мемлекетаралық әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әсіресе жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастырудың практикалық тәсілдерін дамытуға бағытталды.
ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңес отырысын ашып, «Сайлау мәдениетін қалыптастыру – бұл адами капиталға, демократиялық институттарды нығайтуға және біздің елдеріміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл – құқықтық реформаларды, білім беру бастамаларын және заманауи технологияларды біріктіріп, жүйелі тұрғыдан қарауды талап ететін үдеріс.
Сондықтан да біздің тарап қазақстандық төрағалық ету кезеңін сайлау процесінің барлық қатысушыларының, әсіресе жастардың арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылауға арнауды ұсынды» деп атап өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VI отырысында сайлау процестерінің тиімділігін және оған қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
ТМД ПА Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бейнеқұттықтау жолдады, ТМД СОБ КК тең Төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Игорь Карпенконың (онлайн режимде) ТМД СОБ КК-не төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды.
Сайлау тақырыбына арналған пікірталас барысында Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Ваагн Овакимян «2026 жылы өтетін парламенттік сайлаулар аясында Армения Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар» тақырыбында, ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы жергілікті сайлаулар және саяси жүйені одан әрі жетілдіру туралы», Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының Төрағасы Тынчтык Шайназаров – «Қырғыз Республикасындағы 2025 жылғы сайлау процестері» (онлайн), Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Элла Памфилова (бейнебаяндама арқылы) — «14 қыркүйекте Ресей Федерациясында өткен бірыңғай дауыс беру күнінің қорытындылары туралы», Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі Орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиёр Худоёрзода – «Тәжікстан Республикасында шығып қалған депутаттардың орнына жергілікті Халық депутаттары мәжілістеріне өткен сайлаулар туралы», Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаев – «Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлаудан кейінгі кезеңдегі жұмысының кейбір аспектілеріне шолу» тақырыбында сөз сөйледі.
«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мемлекеттерде жастардың құқықтық мәдениеті мен сайлау белсенділігін арттыру мәселелері бойынша ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы мен ТМД ПА-ға қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеу жөніндегі халықаралық институтының өзара іс-қимылы туралы» ТМД ПА Кеңесі Хатшылығы Басшысының орынбасары, ТМД ПА ДДМХИ директоры Иван Мушкет, «ТМД СОБ КК мүшелерінің Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB) қызметіне қатысуы туралы» ТМД СОБ КК тең Төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Игорь Карпенко (онлайн), «ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатура ұсыну туралы» ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндама жасады.
Отырыстың басталуы алдында қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының құқықтық ағарту және электоралдық қатысудың мәдениетін қалыптастыру саласындағы тәжірибелерін көрсететін әдістемелік материалдар көрмесімен танысты.
Көрмеде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның орталық сайлау органдары мен ТМД ПА ДДМХИ-ның жұмыс барысында қолданатын түрлі оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдары ұсынылды.
Баспа өнімдерінен бөлек, іс-шараға қатысушыларға интерактивті экрандар арқылы қатысушы-мемлекеттердің сайлау органдарының тәжірибелік қызметінде қолданылатын бейнематериалдар мен цифрлық ресурстар көрсетілді.
Бурабайда өткен отырысқа қатысушылар оның қорытындылары ТМД елдерінің сайлау органдары арасында электоралдық салада өзара әріптестікті дамытуға тәжірибелік үлес қосатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, олар ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатурасын қолдады.
*ЦИК Казахстана председательствует в Консультативном совете руководителей избирательных органов СНГ*
30 сентября 2025 года в п. Бурабай (Акмолинская область, Республика Казахстан) состоялось VI заседание Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников (КС РИО) Содружества Независимых Государств (СНГ).
В мероприятиях приняли участие главы и представители центральных избирательных органов государств-участников СНГ, представители Исполнительного комитета СНГ и Межпарламентской ассамблеи государств-участников СНГ, Международного института мониторинга развития демократии, парламентаризма и соблюдения избирательных прав граждан государств-участников МПА СНГ (МИМРД МПА СНГ), Рабочей группы по молодежной политике в электоральной сфере при КС РИО СНГ, члены Экспертного совета при ЦИК РК, представители молодежных организаций, а также избирательных комиссий Казахстана.
Необходимо отметить, что с 1 сентября 2025 года председательство в КС РИО СНГ перешло Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.
Программа мероприятий была направлена на укрепление межгосударственного сотрудничества в электоральной сфере, обмен опытом и развитие практических подходов к формированию электоральной культуры, особенно среди молодёжи.
Открывая заседание, Председатель КС РИО СНГ, Председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров подчеркнул: «Формирование электоральной культуры — это инвестиции в человеческий капитал, в укрепление демократических институтов и в будущее наших стран. Это процесс, который требует системного подхода, объединяющего правовые реформы, образовательные инициативы и современные технологии.
Именно поэтому наша сторона предложила посвятить период казахстанского председательства рассмотрению вопроса о формировании и развитии электоральной культуры среди всех участников избирательного процесса, особенно среди молодежи.».
В ходе VI заседания Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников СНГ обсуждались актуальные вопросы повышения эффективности избирательных процессов и электоральной культуры их участников. С видеоприветствием обратился Генеральный секретарь Совета МПА СНГ Дмитрий Кобицкий, была заслушана информация Сопредседателя КС РИО СНГ, Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Беларусь Игоря Карпенко о проделанной работе в период председательства ЦИК Республики Беларусь в КС РИО СНГ (онлайн).
В рамках электоральной дискуссии Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Армения Ваагн Овакимян выступил на тему «Новшества избирательного законодательства Республики Армения в рамках предстоящих в 2026 году парламентских выборов», Председатель КС РИО СНГ, Председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров — «О местных выборах и дальнейшем совершенствовании политической системы Республики Казахстан», Сопредседатель КС РИО СНГ, Председатель Центральной комиссии по выборам и проведению референдумов КР Тынчтык Шайназаров – «Электоральные процессы в Кыргызской Республике в 2025 году» (онлайн), Председатель Центральной избирательной комиссии Российской Федерации Элла Памфилова (видеовыступление) — «Об итогах проведения 14 сентября в Российской Федерации единого дня голосования», Председатель Центральной комиссии по выборам и референдумам Республики Таджикистан Бахтиёр Худоёрзода — «О проведенных выборах в Республике Таджикистан вместо выбывших депутатов в местные Маджлисы народных депутатов», Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Узбекистан Зайниддин Низамходжаев — «Обзор некоторых аспектов работы Центральной избирательной комиссии Республики Узбекистан в поствыборный период».
С докладом на тему «О взаимодействии Рабочей группы по молодёжной политике в электоральной сфере при КС РИО СНГ, МИМРД МПА СНГ по вопросам повышения правовой культуры и электоральной активности молодежи в государствах-участниках МПА СНГ» выступил Заместитель руководителя Секретариата Совета МПА СНГ, директор МИМРД МПА СНГ Иван Мушкет, «Об участии членов КС РИО СНГ в деятельности Всемирной ассоциации избирательных органов (A-WEB)» — Сопредседатель КС РИО СНГ, Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Беларусь Игорь Карпенко (онлайн), «О кандидатуре руководителя секретариата (секретаря) КС РИО СНГ» — Председатель КС РИО СНГ, Председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров.
Перед началом заседания участники ознакомились с выставкой методических материалов избирательных органов государств-участников СНГ, отражающей наработки в сфере правового просвещения, формирования культуры электорального участия.
На выставке были представлены разнообразные учебно-методические и информационные материалы, используемые в работе центральных избирательных органов Армении, Беларуси, Казахстана, Кыргызстана, России, Таджикистана, Узбекистана и МИМРД МПА СНГ. Помимо различной печатной продукции участникам мероприятия на интерактивных экранах были продемонстрированы видео- и цифровые материалы, которые используются в практической деятельности избирательных органов стран-участниц.
Участники заседания в Бурабае выразили уверенность, что его итоги станут практическим вкладом в развитие сотрудничества между избирательными органами стран СНГ в сфере электорального просвещения и правового образования, а также одобрили кандидатуру секретаря ЦИК РК Шавхата Утемисова на должность руководителя секретариата (секретаря) КС РИО СНГ.
