Ақмола облысында ұстаздардың құқығы қорғалып, әлеуметтік әріптестік дамып келеді
Ақмола облысында ұстаздардың еңбегін қорғау, жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» облыстық ұйымына 35 мыңнан астам мұғалім мүшелікке өткен. Бұл туралы брифинг барысында Астана қаласы және Ақмола облысы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының ұйымы ҚБ-нің төрағасы Бейсенбай Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс деңгейінде білім басқармасы мен кәсіподақ арасында 2024–2026 жылдарға арналған келісім жасалған. Ол мұғалімдердің еңбек жағдайы, жалақысы, әлеуметтік кепілдіктері сияқты негізгі мәселелерді қамтиды.
Мұғалімдердің жалақысы апталық сағат санына қарай есептеледі. Бұрын кей аудандарда сауықтыруға берілетін жәрдемақы тек 16 сағат көлемінде ғана төленген.
«Қазір кәсіподақтың араласуымен бұл мәселе шешім тапты. Жәрдемақы мұғалімнің толық жүктемесіне сәйкес төленетін болды. Сондай-ақ уақытша әріптесін алмастырған мұғалімге нақты атқарған сағаты үшін еңбекақы толық беріледі»,-деп мәлімдеді спикер.
Жыл сайын жұмыс берушілер мұғалімдердің денсаулығын бақылау үшін медициналық тексерулер ұйымдастыруы тиіс. Соған қарамастан 2024 жылы – 5, ал 2025 жылдың 9 айында – 4 өндірістік жарақат тіркелді. Дегенмен, кәсіподақтың араласуымен зардап шеккендерге келтірілген зиян өтелді.
«Кәсіподақ мүшелері мен белсенділері үнемі оқудан өтіп тұрады. 2024 жылы 2 800-ден астам, ал 2025 жылдың наурыз айында 3 700-ге жуық мұғалім еңбек заңнамасын меңгеру бойынша семинарларға қатысып, сертификат алды»,-деп ерекше атап өтті басшы.
Ақмола облысының ұстаздары тек сабақ беріп қана қоймай, өздерінің шығармашылық, спорттық және кәсіби жетістіктерімен де танылып жүр. Кәсіподақтың қолдауымен мұғалімдер түрлі байқауларға, турнирлерге қатысып, марапаттарға ие болып келеді.
Мұғалімдер үшін дәстүрге айналған «Мұғалім» және «Ұстаз» атты спартакиадаларға жыл сайын 400-ден астам ұстаз қатысады. Сонымен қатар үстел ойындары мен спорттық турнирлер өткізіледі.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері Мойылды, Шучинск, Жұмбақтас, Сосновый бор, Сарыағаш сияқты танымал санаторийлерде ем қабылдап, денсаулығын түзету мүмкіндігіне ие. Ал биылғы көктемгі каникулда 100 үздік ұстаз Өзбекстанға – Ташкент, Бұхара және Самарқан қалаларына саяхаттап қайтты.
Ақмола облысында кәсіподақ пен білім басқармасының бірлескен жұмысы арқасында ұстаздардың еңбек құқығы қорғалып, әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл тек мұғалімдердің ғана емес, жалпы білім сапасының артуына да ықпал етері сөзсіз.
Акмолинская область защищает права учителей и развивает социальное партнерство
В Акмолинской области ведется работа по защите прав педагогов и улучшению их условий труда. Сегодня в региональную организацию «Казахстанский отраслевой союз работников просвещения, науки и высшего образования» вступили более 35 тысяч учителей. Об этом на брифинге сообщил председатель организации по Астане и Акмолинской области Бейсенбай Абдрахманов, передает Региональная служба коммуникации.
На уровне области между управлением образования и профсоюзом заключено соглашение на 2024–2026 годы. Оно охватывает ключевые вопросы: условия труда учителей, заработную плату и социальные гарантии. Ранее в некоторых районах пособие на оздоровление выплачивалось только за 16 учебных часов в неделю, теперь же оно рассчитывается по полной нагрузке. Также педагог, временно заменяющий коллегу, получает зарплату за реально отработанные часы.
Учреждения обязаны ежегодно организовывать медицинские осмотры для контроля здоровья учителей. В 2024 году зарегистрировано 5, а за 9 месяцев 2025 года — 4 производственных травмы. При этом, благодаря вмешательству профсоюза, ущерб пострадавшим был возмещен.
«Члены и активисты профсоюза регулярно проходят обучение. В 2024 году более 2 800 учителей, а в марте 2025 года почти 3 700 педагогов приняли участие в семинарах по трудовому законодательству и получили сертификаты», — подчеркнул председатель.
Учителя Акмолинской области известны не только своей педагогической работой, но и творческими, спортивными и профессиональными достижениями. С поддержкой профсоюза они участвуют в конкурсах и турнирах, получают награды. Ежегодно в традиционных спартакиадах «Ұстаз» и «Мұғалім» участвует более 400 педагогов, проводятся турниры по настольным и спортивным играм.
Члены профсоюза также имеют возможность пройти оздоровление в популярных санаториях региона, таких как Мойылды, Шу́чинск, Жумбактас, Сосновый бор и Сарыағаш. Весной 2025 года 100 лучших учителей отправились в учебно-культурное путешествие в Ташкент, Бухару и Самарканд.
Совместная работа профсоюза и управления образования способствует защите трудовых прав учителей и улучшению их социального положения. Это напрямую влияет на повышение качества образования в регионе.
