Президент Қ. Ж. Тоқаев: «Экономиканың нақты саласында жұмыс істеуге ұмтылғаны жөн. Осыған мемлекет қажетті жағдай жасауы керек. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі.
Еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына және шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді.
Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс.
Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуы жұрттың бәрі тұрғысы келетін ірі қалаларымыздың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіріп отыр.
Астана – соның айқын мысалы.
Соңғы үш жылдың өзінде елорда тұрғындарының саны 250 мыңнан астам адамға, соның ішінде былтыр 100 мың тұрғынға көбейді. Биылғы өсім онсыз да жоғары саналатын осы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін.
Елордада халық саны ресми түрде 1,5 миллион адам болғанымен, оның инфрақұрылымы іс жүзінде күн сайын 1,9 миллион адамға қызмет көрсетеді».
#Жолдау2025
#Послание2025
Президент К. Ж. Токаев: «Государство должно создавать такие условия, чтобы люди стремились попасть на производство, работать в реальном секторе экономики. Одна из ключевых задач – повышение авторитета специалистов рабочих профессий, обеспечение достойной оплаты их труда.
На качество прогнозирования и эффективность решений в сфере регулирования рынка труда и особенно миграции сильно влияет отсутствие централизованного учета. Правительству предстоит внедрить единую цифровую систему учета миграционных потоков как внутри страны, так и из-за рубежа.
Неконтролируемая внутренняя и внешняя миграция создает колоссальную нагрузку на инфраструктуру наших крупнейших городов, которые являются точками притяжения граждан.
Наглядный пример – город Астана. Только за последние три года численность жителей столицы увеличилась более чем на 250 тысяч человек, том числе в прошлом году – почти на 100 тысяч. В этом году прирост может превысить и эту без того высокую отметку. Ежедневная нагрузка на инфраструктуру города фактически формируется из расчета практического обслуживания 1,9 миллиона жителей, при официальной численности в 1,5 миллиона человек».
#Жолдау2025
#Послание2025
