Тұтынушы ақаулыққа байланысты жөндеу үшін теледидарды қызмет көрсету орталығына жіберді (қосылмаған). Сервистік орталық электрмен жабдықтау блогының бұзылуына диагноз қойды, жөндеу құны 25 000 теңгені құрады. Жөндеуден кейін, қуат көзін орнатқан кезде қызмет көрсету орталығының қызметкері теледидар экранына зақым келтірді.
Осы модельдегі телевизорлардың экрандары өндірістен алынғандықтан, шебер баламалы нұсқа ретінде 2023 жылғы шығарылымы бар, сол өндірушінің ұқсас диагоналы бар жаңа телевизорды 50 000 теңгеге сатып алуды ұсынды. Тұтынушы бұл ұсыныспен келіспеді, өйткені өзінің телевизорын қалпына келтіруді талап етеді.
Мастердің кінәсінен экран зақымдалғандықтан қуат блогының жөндеуін төлеуден бас тартқаннан кейін, тұтынушыға телевизорды қуат блогының жөндеусіз, яғни ақаулы күйінде, бірақ жаңа экранмен қайтару ұсынылды. Тұтынушы бұл шешімге келіспейді, себебі сервис орталығы жөндеу мерзімін бұзып, зиян келтірген деп есептейді және осы себепті телевизорды ұзақ уақыт пайдалану мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің түсініктемесі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті төмендегіні түсіндіреді:
Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 7-бабына сәйкес, сізге көрсетілген қызметтің сапасы талапқа сай болуы тиіс. Сервис орталығының телевизор экранын зақымдауы осы талаптың бұзылуы болып табылады. Заңның 35-бабына сәйкес, тұтынушы орындалған жұмыста кемшілік анықталған жағдайда, өз таңдауымен келесі нұсқалардың бірін талап етуге құқылы:
Кемшіліктерді тегін жою;
2. Атқарылған жұмыс үшін ақы мөлшерін тиісті түрде азайту;
3. Біртекті материалдан сапасы ұқсас басқа бұйымды тегін жасау немесе жұмысты қайта орындау;
4. Келісімшартта көзделген жағдайда кемшіліктерді жоюға кеткен шығындарды өтеу.
Сіз сервис орталығынан келесі нұсқалардың бірін талап етуге құқылысыз:
1. Зақымдарды тегін жою;
2. Телевизорды ұқсасымен ауыстыру;
3. Ауыстыру мүмкін болмаса, телевизордың құнын өтеу.
Телевизор моделі енді шығарылмайтын болғандықтан, дәл осындай құрылғыны талап ету мүмкін болмауы ықтимал. Дегенмен, сервис орталығы баламалы тең құқылы ауыстыруды ұсынуға немесе өтемақы төлеуге міндетті. Ақшалай өтемақы алу үшін телевизордың құнын растау қажет, ол үшін:
• Кепілдік талон;
• Банк есепшоттарының көшірмелері;
• Ұқсас модельдердің бағаларының баламалары;
• Куәгерлердің көрсетулері.
Сонымен қатар, тұтынушы сервис орталығына сотқа талап арыз түсіруге құқылы, алайда алдымен жағдайды сотқа дейінгі тәртіпте шешу ұсынылады: жазбаша талап арыз жолдау (хат арқылы жіберілген жағдайда тапсырыс квитанциясын алу қажет). Талап арызында төмендегілер көрсетілуі тиіс:
• Бұзушылықтардың сипаттамасы (экранның зақымдалуы, жөндеу немесе өтемақы төлеуден бас тарту, қуат блогының жөндеу ақысын өндіріп алу талпынысы);
• ҚР заңнамасына сілтемелер (Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 7 және 35-баптары);
• Нақты талап (жоғарыда ұсынылған талаптардың біреуі).
Жауап 10 күн ішінде берілулері тиіс. Егер сервис орталығы талап арызды елемесе немесе талаптарды қанағаттандырудан бас тартса, келесі кезеңге көшуге болады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге болады. Департаменттің құзыреті:
1. Сервис орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізу;
2. Талап арызға жауап беруден бас тартқаны үшін сервис орталығын әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Маңызды: Департаментке шағым талап арыз жолданған сәттен бастап екі ай ішінде тапсырылуы тиіс.
Сонымен қатар, электрондық жүйелерді пайдалануға болады:
1. «e-tutynushy» (https://e-tutynushy.kz);
2. «e-otinish» (eGov.kz порталы);
3. «Қазпошта» АҚ (хаттар менхаттап беру және хабарлама алу арқылы).
Төртіншіден, жоғарыда аталған әдістер нәтиже бермесе, талап арыз жолданғаннан кейін 10 күн өткен соң тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Потребитель передал телевизор в Сервисный центр для ремонта по причине неисправности (не включался). Сервисный центр диагностировал поломку блока питания, стоимость ремонта составила 25 000 тенге. После выполнения ремонта, при установке блока питания, работником сервисного центра был поврежден экран телевизора.
В связи с тем, что экраны данной модели телевизора сняты с производства, мастер предложил альтернативу — приобрести новый телевизор аналогичной диагонали и от того же производителя 2023 года выпуска за 50 000 тенге. Потребитель не согласилась с данным предложением, так как требует восстановление своего телевизора.
После отказа оплачивать ремонт блока питания в связи с повреждением экрана по вине мастера, потребителю было предложено: вернуть телевизор с новым экраном, но без ремонта блока питания, то есть в неисправном состоянии. Потребитель не согласна на такое решение, так как считает, что сервисный центр нарушил сроки ремонта и причинил ущерб, по вине которого телевизор не может быть использован в течение длительного времени.
Разъяснение Департамента торговли и защиты прав потребителей Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Акмолинской области
Департамент торговли и защиты прав потребителей Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Акмолинской области разъясняет следующее:
Согласно ст. 7 закона Республики Казахстан о защите прав потребителей, вы имеете право на надлежащее качество предоставленной вам услуги. Повреждение сервисом экрана вашего телевизора является нарушением данного требования. Согласно ст. 35 закона, потребитель при обнаружении недостатков в выполненной работе вправе по своему выбору потребовать один из следующих вариантов:
- 1) Безвозмездного устранения недостатков;
2) Соответствующего уменьшения вознаграждения за выполненную работу;
3) Безвозмездного изготовления другой вещи из однородного материала такого же качества или повторного выполнения работы;
4) Возмещения своих расходов на устранение недостатков, если это предусмотрено договором.
Вы вправе потребовать от сервиса один из следующих вариантов:
1) Бесплатного устранения повреждения;
2) Замены телевизора на аналогичный;
3) Возмещения стоимости телевизора, если замена невозможна.
Так как модель телевизора больше не выпускается, требование о предоставлении точно такого же устройства может быть невозможным. Однако сервисный центр обязан либо предложить равноценную замену, либо выплатить компенсацию. Для получения денежной компенсации необходимо подтвердить стоимость телевизора с помощью:
- Гарантийного талона;
- Банковских выписок;
- Аналогов цен на схожие модели;
- Свидетельских показаний.
- Кроме того, потребитель имеет право подать иск в суд на сервисный центр, но сначала рекомендуется урегулировать ситуацию в досудебном порядке: направить письменную претензию (с уведомлением о вручении, если отправка по почте). В претензии следует указать:
Описание нарушений (повреждение экрана, отказ от ремонта или компенсации, попытка взыскания оплаты за ремонт блока питания);
Ссылки на законодательство РК (ст. 7 и 35 Закона о защите прав потребителей);
Конкретное требование (одно из предложенных выше).
Ответ должен быть предоставлен в течение 10 дней. Если сервисный центр игнорирует претензию или отказывает в удовлетворении требований, можно перейти к следующему этапу.
- Обратиться в территориальный в Департамент торговли и защиты прав потребителей Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Акмолинской области. Департамент вправе:
1) Провести внеплановую проверку сервиса;
2) Привлечь сервис к административной ответственности за отказ в предоставлении ответа на претензию.
Важно: жалоба в Департамент должна быть подана не позднее двух месяцев с момента направления претензии.
Также можно воспользоваться электронными системами:
1) «e-tutynushy» (https://e-tutynushy.kz);
2) «e-otinish» (портал eGov.kz);
3) АО «Казпочта» (заказное письмо с уведомлением).
В-четвертых, если вышеуказанные способы не дали результата, по истечении 10 дней после предъявления претензии потребитель вправе обратиться в суд.
