Президенттің тапсырмаларын орындау: Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

📍 Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды.

Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін айтып, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтарды даярлауға баса назар аударылды.

«Туризмді дамыту – бұл тек қана экономикалық үлес емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың, инвестициялық тартымдылығын арттырудың және өңірлерді дамытудың маңызды факторы.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары сервис стандарттарын қалыптастыру қажет»,
– деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет туризмді ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырады. Маңызды шарт ретінде шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы, сондай-ақ отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету ісіне халықтың кең ауқымын тарту қажеттілігі аталды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға курорттық аймақтардың абаттандыру стандарттарын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдік қонақтар үшін паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету, сұранысқа ие әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту, сондай-ақ туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шаралар жүзеге асыру тапсырылды.

@KZgovernment

 

Исполнение поручений Президента: в Правительстве обсудили развитие туристской отрасли

📍 В Правительстве обсудили актуализацию работы по развитию туризма в свете послания Главы государства народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию».

Заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев провел совещание с представителями центральных государственных органов и регионов. В ходе встречи заслушаны отчеты о реализации поручений Президента по вопросам туризма и по состоянию туристских зон. Дополнительно представлена информация о результатах рабочих поездок в ключевые туристские дестинации страны.

Ермек Кошербаев отметил, что предпринимаемых мер недостаточно, и подчеркнул необходимость ускорения работы по развитию инфраструктуры и повышению качества предоставляемых услуг на туристских объектах. Особое внимание уделено подготовке курортных зон к предстоящему летнему сезону с учетом новых поручений Главы государства.

«Развитие туризма – это не только вклад в экономику, но и важный фактор укрепления международного имиджа Казахстана, повышения инвестиционной привлекательности и развития регионов. Для достижения этих целей необходимо не только строить современную инфраструктуру, но и формировать высокие стандарты сервиса, соответствующие лучшим мировым практикам»,
— подчеркнул заместитель Премьер-министра.

Правительство рассматривает туризм, как один из драйверов национальной экономики. Важным условием названы активное участие малого и среднего бизнеса, а также вовлечение широкого круга населения в сферу оказания услуг для отечественных и иностранных туристов.

По итогам совещания государственным органам поручено обеспечить соблюдение стандартов благоустройства курортных зон и безопасности туристов, упростить процедуры паспортного контроля для иностранных гостей, привлечь международных лоукостеров на востребованные авиамаршруты, а также реализовать ряд других мер, направленных на повышение качества туристических услуг.

@KZgovernment

By admin

Читайте также