*Автожолдарда орташа жылдамдықты бақылауды кеңейту жоспарлануда*
Қазақстанда жол-қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады.
Оның айтуынша, қалаларда автоматты түрде бақылау жасайтын 25 мыңнан астам камера орнатылған. Олар ЖҚЕ-ні бұзу деректерінің 70%-дан астамын тіркейді. Қала сыртындағы трассаларда патруль жасайтын автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталуда.
«Сонымен қатар, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықтың сақталуына автоматты түрде бақылау енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып жатымыз»,
— деді Игорь Лепеха.
Орташа жылдамдықты бақылау шараларымен жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автомобиль жолы қамтылған, нәтижесінде ЖКО-да қаза тапқандар саны 11%-ға азайды. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеге орташа жылдамдықты бақылау енгізу жоспарлануда.
*Расширить контроль средней скорости планируется на автодорогах РК*
В Казахстане расширяется сеть автоматических систем контроля за нарушением правил дорожного движения. Об этом на заседании Правительства сообщил заместитель министра внутренних дел Игорь Лепеха.
Он отметил, что в городах установлено порядка 25 тыс. автоматических камер наблюдения. Ими регистрируется более 70% нарушений ПДД. На загородных трассах автоматическими комплексами фиксации оборудуются патрульные автомобили.
«Наряду с этим, совместно с Министерством транспорта реализуем мероприятия по внедрению автоматического контроля за соблюдением средней скорости на дорогах республиканского значения»,
– добавил Игорь Лепеха.
Отмечено, что контролем средней скорости охвачено 8 автодорог общей протяженностью почти 1,9 тыс. км, на которых уже снизилось число погибших в ДТП на 11%. Планируется внедрить контроль средней скорости еще на 10-ти участках общей протяженностью более 1 тыс. км.
