Ақмола облысында 18 мемлекеттік кәсіпорынның заңсыз қызметі анықталды
Ақмола облысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті биылғы 8 айдағы жұмысын қорытындылады. Бұл туралы брифинг барысында құзырлы орган өкілі Әділет Мурсалов мәлімдеді., деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Оның мәліметінше, департаменттің басты міндеті – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. Сонымен қатар, бизнеске кедергі келтіретін тосқауылдарды жою және барлық нарық қатысушылары үшін тең мүмкіндік жасау.
«Департаментке азаматтар мен ұйымдардан 90-нан астам өтініш келіп түсті. Барлығы жан-жақты қаралып, құқық бұзушылықтарды қалпына келтіру және әділ бәсекелестікке кедергі келтіретін мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылданды»,-деді спикер.
Маңызды нәтижелердің бірі – бәсекеге қарсы заңбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу.
Мысалы, білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында кейбір ұйымдарға негізсіз артықшылықтар берілгені анықталған. Бұл жайттар бойынша нұсқамалар беріліп, тиісті әкімшілік шаралар қабылданған. Нәтижесінде, барлық нарық қатысушылары үшін тендерлік рәсімдердің ашық және әділ өткізілуі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Тексеру нәтижесінде, қолданыстағы заңнамада көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған 18 мемлекеттік кәсіпорын анықталып, оларға заңсыз қызметті тоқтату жөнінде нұсқамалар берілді.
Департамент жанындағы өңірлік кеңестің жұмысы да айтарлықтай нәтиже берді. Кеңес отырыстарында құрылыс, білім беру, жер бөлу және бизнеске инфрақұрылымға қол жеткізу мәселелері талқыланған.
Мәселен, кәсіпкерлерге интернет желісін дамыту үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнатуға мүмкіндік беретін электр желілеріне қосылуға рұқсат берілген.
«Біздің мақсатымыз – нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау және кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімін арттыру. Біз өңірде әділ әрі ашық бизнес ортаны қалыптастыру үшін жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді Әділет Мурсалов.
Жалпы жүргізілген жұмыстың нәтижесі – нарықтың біртіндеп ашық, бәсекеге қабілетті болуы, ал кәсіпкерлер үшін – даму мен инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашылуы.
В Акмолинской области подвели итоги деятельности департамента по защите и развитию конкуренции за восемь месяцев. Как сообщил представитель ведомства Адилет Мурсалов, на брифинге Региональной службы коммуникации главные усилия были направлены на защиту прав предпринимателей, устранение барьеров для бизнеса и создание равных условий для всех участников рынка.
За отчетный период специалисты рассмотрели более 90 обращений от граждан и организаций. Каждое из них было детально изучено, по итогам приняты меры для восстановления нарушенных прав и устранения препятствий, мешающих свободной конкуренции.
В числе значимых результатов — работа по пресечению антиконкурентных действий. Так, выявлены случаи предоставления необоснованных преимуществ отдельным организациям в сфере образования и жилищно-коммунального хозяйства. По этим фактам выданы предписания и вынесены административные меры, чтобы обеспечить проведение процедур на равных условиях для всех участников.
Кроме того, проведен мониторинг деятельности государственных предприятий. По итогам проверок вынесено 18 предписаний о прекращении видов деятельности, не предусмотренных действующим законодательством. Работа регионального совета при Департаменте позволила решить вопросы, касающиеся строительства, образовательных услуг, выделения земель и доступа к инфраструктуре для бизнеса. В частности, предпринимателям помогли получить доступ к линиям электропередачи для размещения волоконно-оптических сетей, что способствует развитию интернет-сервисов.
«НАША ЦЕЛЬ — СОЗДАТЬ РАВНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ВСЕХ УЧАСТНИКОВ РЫНКА И УКРЕПИТЬ ДОВЕРИЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ. МЫ ПРОДОЛЖИМ РАБОТАТЬ НАД ТЕМ, ЧТОБЫ БИЗНЕС В РЕГИОНЕ РАЗВИВАЛСЯ В ЧЕСТНОЙ И ПРОЗРАЧНОЙ СРЕДЕ» — ПОДЧЕРКНУЛ АДИЛЕТ МУРСАЛОВ
Итоги проделанной работы показывают, что меры по развитию конкуренции дают результат: рынок становится более открытым, а предприниматели получают больше возможностей для развития и инвестиций.
