Жас гимнасттарымыз Азия чемпионатында топ жарды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін жасөспірімдер арасында сынға түскен отандасымыз Роман Хегай жеңімпаз атанса
, Нұртаң Ыдырысов
күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тұтқалы ат снарядының финалында Роман төрешілерден 13.800, ал Нұртаң 12.866 ұпай алды. Үздік үштікті жапон спортшысы Харутоши Очаи түйіндеді (12.666 балл).

Айта кетейік, осыған дейін Ыдырысов еркін жаттығудың финалында өнер көрсетіп, 8-сатыға (11.000 балл) табан тіреген.

Жекелей сындағы финалдар әлі жалғасып жатыр.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

By admin

Читайте также