Ақмола облысында 6 мыңнан астам тұрғын тегін заң көмегін алды
Ақмола облысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 мыңнан астам тұрғын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жүгінді. Өңірде заңнаманы жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Раушан Досанова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, негізгі бағыттардың бірі – тұрғындарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бүгінде облыста 376 адвокат қызмет атқарады. Сонымен қатар адвокаттардың кәсіби қызметін қорғау шаралары да күшейтілуде. Жыл басынан бері адвокаттар мен заң консультанттарының заңды қызметіне кедергі келтірген бес лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға да ерекше көңіл бөлінуде. Тауар…
